Ақтауда мектеп оқушыларының ата - аналары шу шығарды. Балалары жаңа оқу жылында 19 А - шағын ауданындағы жаңа білім ордасының табалдырығын әлі аттамаған . Қазір балалары өзге мектептердің есігін қағып , сығалап  жүрген көрінеді . Себебі ,кейбір білім ордаларында орын жоқ. Салдарынан ата- аналары сенделіп, балаларын мектепке орналастыра алмай жүр. Негізінде  жаңа мектеп қыркүйектің басында пайдалануға берілуі тиіс. Алайда түрлі себептермен әзірге ашылмай тұрған көрінеді.