Өңірде есірткі заттарын сатпақшы болғандардың жолы кесілді. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, жедел-іздестіру шаралары кезінде Ақтау қаласынан демалыс базасына қарай 39 шақырым жерде орналасқан құмды аумақтан, салмағы 10 келі, құны 60 млн. теңгенің есірткі қоймасын тапқан. Жауаптылардың мәліметінше, теңіз арқылы заңсыз есірткі тасымалы биыл алғаш рет тіркелді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, тексеру жұмыстары басталды.