Ақтауда "Білім. Ғылым. Инновация" тақырыбында жас ғалымдарға арналған конференция өтті. Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған шара «Маңғыстау өнертапқыштар коалициясы» жобасы аясында өтті. Мақсат - аймақтың ғылым саласында ізденіп жүрген өрендерінің басын біріктіру.