Оқушылардың жаппай астан улану дерегі бойынша сынама қорытындысы шықты. Естеріңізге сала кетейік, 7-ші қыркүйек күні Мұнайлы ауданындағы № 8 жалпы білім беру мектебінде «Топтық тағамнан улану» дерегі тіркелген еді. Нәтижесінде 460 бала дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Тамақтан ұшыну фактісі анықталғаннан кейін облыстық ұлттық сараптау орталығының зертхана мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру үшін дайын тамақ өнімдері, су және асхана қызметкерлерінен бактериологиялық сынамалар алынған. Нәтижесінде, бір асхана қызметкерінен стафилакокк ауруы анықталыпты. Қазіргі таңда осы жағдай бойынша Мұнайлы аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.