Бүгін халықтық штабтың мүшелері ұстаздармен кездесті. Ақтаудағы жекеменшік мектепте білім беретін мұғалімдер жиында белсенділік танытып, АЭС құрылысы төңірегіндегі сұрақтарын қойды. Кездесуде штаб өкілдері білікті сарапшылардың, ғалымдар мен арнайы сала мамандарының сөзіне сүйеніп, аталған нысанның маңызы мен қажеттілігін түсіндірді.