Өңірде "Таза Қазақстан" республикалық акциясы жалғасып жатыр. Экологиялық науқанға қайырымдылық жұмыстарымен айналысып жүрген еріктілер де үлес қосты. Қала жастары теңіз жағалауындағы демалыс аймағының маңын қоқыстан тазартты. Қоғамдық шараға арнамыздың түсірілім тобы да қатысып келді.