"Qadam" қоғамдық қоры өкілдері "Біргеміз: Сабақтастық" республикалық жобасы аясында Ақтаудағы балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға шеберлік сағатын өткізді. Шарада балаларға қолөнер бұйымдары, қыш-құмыраларды жасау бойынша сабақтар ұйымдастырылды.