Өткен демалыс күндері Ақтаулықтардың мазасы қашты. Тұрғындар қолқаны қабатын иіс туралы шағымдарын әлеуметтік желіде жарыса жазды. Бұл иіс әсіресе кешкі мезгілде шығып, түнде аспан мұнартып кетті. Солтүстік-батысынан соққан желден күйіктің иісі есіп тұрды. Мамандардың айтуынша жағымсыз иіс қоқыс полигонынан шыққан. Мұнда, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданына қарасты елді мекендердің тұрмыстық қалдықтары төгіледі.