Бүгін Ақтауда халықтық штаб мүшелері облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлерімен кездесіп, АЭС салу тақырыбын талқылады. Сонымен қатар, атом энергетикасының даму перспективаларын түсіндірді. Мәдениет саласының қызметкерлері де референдумға барып, әр адам өз таңдауын жасау қажет екенін айтты.