Облыстық онкологиялық диспансерде «Ашық есік күні» өтті. Мамандардың тегін медициналық кеңесін алуға 40-тан астам тұрғын келді. Дәрігерлер олардың сегізінен қатерлі ісіктерді анықтады. Ақ халаттылар онкологиялық ауруды ерте анықтаған кезде емдеу мүмкіндігі айтарлықтай жоғары екенін айтады.