Биыл облыстағы балабақшаларда 38 консультативтік пункт ашылмақ. Мақсаты - балабақшамен қамтылмаған балалар, олардың ата-аналарымен жұмыс жасау, бөбекжайлардың мүмкіндіктерімен таныстыру. Жалпы, өткен жылы мұндай орталықтарға 600-ден астам ата-ана келіп, кеңес алды.