Өңірде 3 мыңнан астам мүгедектің құқығы қорғалды. Құзырлы орган инватакси қызметіне талдау жүргізіп, 20 көліктің 17-сі дүйсенбі-жұма аралығында белгілі бір уақытта жұмыс істегенін анықтаған. Мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсетуге өңірдегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жауапты. Алайда, бүгінге дейін бұл жұмысты 7 коммуналдық мемлекеттік мекеме негізсіз атқарып келген. Прокурорлық  қадағалау актісімен басқарма басшысы жұмыстан қуылып, 5 ауданда лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды. Енді барлық инватакси демалыс және мерекелік күндерді қоса алғанда тәулік бойы жүретін болды.