10 жыл бойы кәмелетке толмаған үш қызын зорлаған Өзбекстан азаматы Ақтауда ұсталды. 2014 жылдан 2024 жылға дейін 45 жастағы ер адам өзінің туған қыздарына зорлық көрсетіп келген. Бұл жағдайды облыстық полиция департаменті растап отыр. Күдікті Өзбекстанда қылмыс жасап, Ақтауда жазадан қашып жүрген.