Бүгін Маңғыстау облысының әкімі өз таңдауын жасады. Өңірдің  барлық аймағында жалпыхалықтық референдумға қатысу белсенді жалғасып жатыр. Жалпы, аймақ бойынша 435 162 адам дауыс беруге құқылы. 250 учаскенің 238-і халықпен тікелей жұмыс істейді. Ал 12 жабық сайлау учаскесінде ауысым қызметкерлері, тергеу изоляторындағылар, ауруханадағы науқастар дауыс береді.