Жаңаөзен қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде №98 сайлау учаскесі орналасқан. Бұл учаске бойынша 1829 сайлаушы тіркелген. Мамандар таңғы сағат 07.00-ден бастап, өз қызметін бастады. Өндірістік мекемелерде еңбек ететін тұрғындар ертемен келіп, өз таңдауын жасап жатыр.