Былтыр «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Осы бағытта қаңғыбас жануарларды аулау, уақытша ұстау вакциналау және стерилизациялау үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгінде жыл басынан бері Ақтау мен Мұнайлы ауданының аумағынан 2 мыңға жуық үй жануарын аулаған. Оның 395-нің иесі бар екені анықталды.