Балалар арасында көз аурулары көбейген
Қазақстанда көз ауруларына байланысты 29 мыңнан астам бала дәрігерлердің бақылауында тұр. Олардың 18 мыңнан астамына миопия, яғни алыстан көрмеушілік диагнозы қойылған. Көз аурулары әсіресе 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Мәселен, Маңғыстау облысында биыл 10 мыңнан астам жеткіншектен көз ауруы анықталған.