Жолдаудағы басым бағыттар
Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Президенттің айтуынша, алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салу және жөндеу жұмыстары қолға алынуы керек. Оның ішінде жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері мен ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысына басымдық беріледі.