Учаскелік дәрігерлердің жалақысы 40 пайызға көтеріледі
2027 жылдан бастап учаскелік дәрігерлердің жалақысы еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін өседі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мәлімдеді. Бастама медицина қызметкерлерін қолдауға және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын арттыруға бағытталған. Жаңа өзгерісті жаңаөзендік ақ халаттылар да қуанышпен қабылдап, бұл шешім дәрігерлердің еңбегін бағалауға және сала мамандарының ынтасын арттыруға ықпал етеді деп санайды.