Маңғыстау мен Еуропалық одақ ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді
Маңғыстау облысы мен Еуропалық одақ арасындағы әріптестік жаңа бағыттар бойынша дамуы мүмкін. Бүгін өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай Еуропалық одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Елшісі Алешка Симкичпен кездесіп, көлік-логистика, энергетика, экология және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірге инвестиция тарту және халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелеріне басымдық берілді.