Ақтаулық егіздер Иса мен Мұса шекара флотында Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Олар биыл колледж бітірген соң әскерге қабылданған. Қазір жағалау күзеті дивизионында мерзімді әскери қызмет атқарады. Күнделікті жауынгерлік жаттығудан бос уақытын егіз жігіттер шет тілдерін үйренуге арнайды екен.