Маңғыстауда қайғылы жағдай тіркелді. Қарақия ауданы, Бекет-Ата-Шопан-Ата бағытындағы тас жолда, Тойота Хайс микроавтобусы аударылып, оқиға орнында 8 адам көз жұмды. Ал бір науқас жедел жәрдем көлігінде, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Нәтижесінде 10 адам апат салдарынан қаза болған.