«Елде бір палаталы Парламент құрылса, мемлекет бюджеті үнемделеді. Заңдар тез қабылданады. Депутаттарды тікелей халық сайлайтынын ескерсек, жауапкершілік күшейеді. Осылайша, заң шығарушы орган ықпалды Парламентке айналады». Маңғыстаулықтар осындай пікірде. Шалғайдағы өңір тұрғындары Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың нәтижелі орындалуына қоғамның кез келген азаматы үлес қосуға міндетті деп санайды. «Дамыған мемлекеттердің тізіміне қосылуы үшін қоғамды алға жетелейтін жаңашылдық пен білімге ұмтылыс қажет» - дейді көпшілік.