Ақтау - түркі әлемінің мәдени астанасы атануына орай, "Түркі жазба ескерткіштері - өркениет пен мәдениет айнасы" атты семинар-тренинг өтті. Түркі тарихымен байланысты мұраларды ұлықтау әрі насихаттауға арналған семинарға облыстың орта және арнаулы білім беру ұйымдарынан 70-тен астам педагог қатысты.