Өңірде әлеуметтік сала мәселелері бойынша көпшілік тыңдаулар жалғасып жатыр. Бұл жолы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы, сондай-ақ жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу мәселесі талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Іс-шараға мемлекеттік және халықаралық құрылымдардың өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары және сала мамандары қатысты.