Ақтауда 27-ші шағын ауданның үш бірдей үйі екі апта бойы жылусыз отыр. Тұрғындар жылыту маусымы басталғалы әлі күнге дейін пәтерлерінің іші қара суық екенін айтады.  Салдарынан бүрсең қағып, тоңған жұрт қалың киініп жүруге мәжбүр. Тіпті балаларына суық тиіп ауырып қалған.