Ақтауда "One day Ташкент" сурет көрмесі өтті. Бұл- маңғыстаулық суретшілердің art. экспедициясының қорытынды кеші болатын. Өзбекстанның бірнеше қаласында болып, көрші елдің тарихи, мәдени орындарын қылқаламмен сөйлеткен суретшілердің жұмыстарын маңғыстаулықтар "Өнер" галереясынан тамашалады.