Өңіруде мыңға жуық тұрғын алмаз өндірісіне инвестиция салып, алданып қалды. Олар 2019 жылы «Sax Invest» компаниясына әр қайсысы 10 мың АҚШ долларын аударған. Жарнамаға сенген халық сол қаражаттан ай сайын екі пайыз пайда көреміз деп ойлапты. Себебі, тұрғындардың сеніміне кіру үшін, компания өкілі әр салымшыға кепілхат берген. Бірақ, кейін өзі шет ел асып кеткен.