Ақтауда Роза Айдарбаеваның жеке концерті өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі 72 жасында «АҚЖАРМА» атты күй кешін берді. Екі жарым сағатқа жалғасқан өнер кешінде қазақтың 7 күй мектебінің өкілдерінің шығармаларын күйші мен оның шәкірттері орындады.