Биыл республикалық салалық кәсіподақ қозғалысының құрылғанына 100 жыл. Осыған орай Ақтауда кәсіподақ көшбасшылары бас қосты. Жиынға Астанадан Айгүл Мұқашева арнайы келіп, білім беру қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы одақ қызметінің мәселелерін талқылады.