Жылыту маусымы басталғанына 1 айға жуықтаса да, үйлерінде тоңып жүрген тұрғындар әлі де бар. Мәселен Ақтаудың 4-ші шағын аудан, 11-ші үйдің тұрғындары қара күзде жылусыз қалғандарын айтып, арнамызға арызданды.  "Қыстық қамын жазда ойлаған" тұрғындар, аталған жүйе құбырларын жаңарту үшін 25 мың теңгеден жинап, тамыз айында керек жарақтарын түгендеп қойыпты. Алайда, тұрғын үйге қызмет көрсететін мекеме осы уақытқа дейін ешқандай әрекет жасамаған.