Биылдан бастап екінші деңгейлі банктер мемлекеттік кірістер комитетіне азаматтардың қаржылық операцияларына қатысты ақпаратты жіберіп отырады. Осыған қатысты жұртшылық арасында сұрақтар туындап жатыр. Енді жеке азамат үш ай қатарынан кемі 100 адамнан 255 мың теңгеге мобильді аударым қабылдаса, тексеріледі. Себебі бұл азамат жасырын кәсіппен айналысуы мүмкін деп есептеледі.