Облыста дәстүрге сай "Наурызнама" онкүндігі ерте басталады. Маңғыстаулықтар 13 наурыз күні Отпан тауға жиналып, Амал мерекесін тойлайды. Мәдени шара 2 күнге созылады. Өңір халқы үшін аналар фестивалі, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, ұлттық спорттан жарыстар өтеді.