Кең көлемде аталып өтетін, Амал мерекесіне жыл сайын 5 пен 10 мың аралығында адам жиналады. Олардың қауіпсіздігі әрине, басты назарда. Сол үшін наурыздың 13-14-і күндері өтетін тағылымды шараға орай, Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының қызметкерлерінің бригадалары міндетті түрде күшейетілген режимде жұмыс істейді.