Елімізге белгілі режиссер қойылым қоюда
Юрий Ханинга-Бекназар - Өскемен қаласының тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол, Мәскеудегі Щукин атындағы театр институтын тәмәмдаған. Алғаш еңбек жолын Өскемен теарынан бастаған. Көп жылдар бойы театр сахнасында қызмет етіп, 80-ге жуық қойылым қойған.
Юрий Ханинга-Бекназаров - ҚР еңбегі сіңген қайраткер
Ақтауға осымен 3-ші рет келіп отырмын. Әр кез гастрольдық сапармен келгенмін. Осы жолғы сапарым да жұмыспен байланысты. Әртістермен тез тіл табысып кеттім. 1 аптадан соң Астанаға қайтамын. Шынымды айтсам Ақтау қаласына, театрдағы труппаға, Каспий теңізіне үйреніп қалдым.
Белді режиссер, ағылшын драматургі Рейа Кунингтың шығармашылық желісімен жазылған "Он,Оно,Окно,Покойник" қойылымын сахнаға әзірлеп жатыр. Жанры-комедия. Жуырда қалың көрерменге жол тартпақ.
Юрий Ханинга-Бекназаров - ҚР еңбегі сіңген қайраткер
Бұл спектакль әлемнің барлық сахналарында шығарылады. Әзілге толы қойылым,тіпті хит қойылымдардың бірі десекте артық аитқандық емес. Бір сәт болса, көрермендерді сергіткіміз келді.
Режиссер тек қана елімізде емес, Ресей,Италия, Қырғызтан сахналарында спектакль дайындауға септігін тигізген. Бүгінде, оның шәкірттері режиссер, қоюшы-режиссер, суретші, өнерде өз орнын тапқан білікті мамандар. Ол қазақ театрының тарихында қайталанбас шеберлігімен көрерменнің жадында қалады.