Ақпан айы басталғалы өңірде 1 100 құқықбұзушылық анықталып, 7 қылмыс ашылды. Бұл Полиция департаментінің жұмысына жүргізілген мониторинг барысында анықталды. «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы сайлауалды бағдарламаның 2.6 тармағына сәйкес, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын және бюджет қаржысының тиімді игерілуін бақылады.