Туберкулезбен күрес мәселелері талқыланды
Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Дегенмен аурудың алдын-алу және оны ерте анықтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру маңызды. Ақтауда өткен өңірлік адвокациялық кеңес отырысында денсаулық сақтау саласының мамандары мен азаматтық қоғам өкілдері осы мәселелерді ортаға салды.