Н.Марабаев атындағы мектептің спорт алаңы жаңарды
Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейдің спорт алаңы жаңартылды. Оқу жылы қарсаңында мұндағы футбол, баскетбол және волейбол алаңдары жөндеуден өтті. Жаңарған алаң оқушылардың жаттығу жасап, түрлі спорт түрлерімен айналысуына қолайлы жағдай жасайды. Бүгін мектеп ауласында нысанның ашылу рәсімі өтті.