Түпқарағандықтар бүгін қос бірдей қуаныштың куәсі болды. «Амал» мерекесі қарсаңында Форт-Шевченко қаласында 100 отбасыға арналған тұрғын жай пайдалануға берілді. Баспана балалар ойын алаңқайы, спорт алаңы және автотұрақпен қамтылған. Қызметтік пәтер кілті әлеуметтік және бюджеттік сала мамандарына салтанатты түрде табысталды. Бұған қоса Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды.