Қала әкімі дауыс берді
Жаңаөзен қаласының әкімі Сымбат Төретаев саяси науқанға барып, дауыс берді. {КСМ} Қала басшысы “Мұнайшы” мәдениет үйінде орналасқан нөмірі №89-шы сайлау учаскесінде таңдау жасады. Мәслихат депутаттарын сайлау – жергілікті деңгейдегі маңызды мәселелерді шешуге, тұрғындардың талап-тілегін өкілді органда көтеруге мүмкіндік беретін саяси науқан. Сондықтан әр азаматтың дауысы - қоғам үшін маңызды.