Ауыл тұрғындары белсенділік танытты
Шалғай ауылдардың тұрғындары таң сәріден сайлау учаскелеріне ағылды. Әрқайысы өзі қолдайтын мәслихат депутаттығына үміткерге дауыс берді. Олардың қатарында ауыл ақсақалдары мен мерейлі отбасы мүшелері де болды. Тіпті, кейбір отбасылар сайлау учаскесіне әулетімен бірге келіп, үн қосты.