Сайлау күні қоғамдық көлік тегін
Бүгін мәслихат депутаттарының сайлауына орай қоғамдық көліктер тұрғындарға тегін қызмет көрсетіп жатыр. Мұндай мүмкіндік сайлаушылардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне жағдай жасайды. Қоғамдық көліктер әдеттегі бағыттары бойынша қатынап, тұрғындарды діттеген жеріне ақысыз жеткізуде.