Мұнайлылықтар таңдауын жасауда
Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында да сайлау науқаны белсенді өтіп жатыр. Сайлаушылардың қатарында алғаш рет дауыс берушілерден бастап, аға буын өкілдеріне дейін бар. Ауыл тұрғындары ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Учаскелерде дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлау комиссиясының мүшелері тұрғындарды қабылдап, дауыс беру тәртібіне сәйкес жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы, Басқұдық ауылындағы сайлау учаскелері талаптарға сай ұйымдастырылған.