Ұлттық спорт - халық мұрасы 20.03.2025 17:54 «Наурызнама» онкүндігінің әр күні түрлі тақырыптарға арналған. Бесінші күні яғни 20 наурыз - Ұлттық спорт күні. Осыған орай Ақтауда асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі мен дәстүрлі садақ атудан облыстық турнир өтті.