Ақтауда жаңа қоқыс контейнерлері жер бетіне шықты.Өткен жылы қала әкімдігі 44 млн теңге жұмсап, заманауи үлгідегі 10 контейнер сатып алған.Қыруар қаржыға алынған қоқыс жәшіктері желді аймақ үшін тиімді делінген.Оның үстіне санитарлық тұрғыдан тазалықты сақтауға да оң әсерін тигізуі керек болған.Алайда қанша қымбат болғанымен толассыз жауған жаңбырға төтеп бере алмады.