Сайөтес ауылында апатты үйден жаңа пәтерге көшкен тұрғындар әкімдікке наразы. Айтуларынша, берілген пәтерлер олардың атына өтпеген, тек жалға берілген. Бұл талаппен келіспеген жұрт келісімшартқа қол қоймай, баспананы жекешелендіріп беруді талап етуде. Ал жергілікті билік жағдайды реттеудің орнына үйлердің жарығы мен суын ажыратып тастаған.
Баспана дауы
