Жасөспірімдер арасында топтасып төбелесу, қауіпті ойын ойнау, жасы  кішілерге әлімжеттік көрсетуді алдын алу мақсатында ақтаулық полицейлер оқушылармен кездесті. Тәртәп сақшылары мектеп түлектеріне қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықты болдырмау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынның басты тақырыптары - буллингтің алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу.