Мұнайлы ауданы мен облыс орталығын жалғайтын жол құрылысы аяқталды. Басқұдық ауылы арқылы өтетін аудандық маңызы бар ұзындығы 10 шақырымды құрайтын автокөлік жолының құрылысы желтоқсан айында толығымен бітеді. Бұл туралы Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов айтты.