Ақтаудағы 27-ші шағын ауданының бір топ тұрғыны аулада салынып жатқан 7 қабатты үйдің құрылысына қарсы. Айтуларынша, халық 2022-ші жылы бос жерді өздері абаттандырып, ересектерге арналған демалыс орнын жасамақ болған. Алайда әкімдік ол жердің астында инженерлік желілер бар екенін айтып, жерді сұрағандарды табалдырықтан кері шығарып салған. Десе де, арада үш жыл өткеннен кейін ауладағы ұлтарақтай жер телімі жекенің қолына өтіп кеткен. Құрылыс орнын қоршау жұмыстары басталғаннан көпшілік наразылық білдіріп, жұмысты тоқтатқан.