Ақтауда Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен әкімдік пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Маңғыстау-болашақ 2025» өңірлік инвестициялық форумы өтті. Жиында бизнес өкілдеріне келтірілетін кедергілер талқыланып, олардың шешілу жолдары айтылды. Маңызды кездесуде 50-ден астам инвестор мен кәсіпкер қатысты.